Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамЦифрлы Қазақстан

Электронды қызмет –заман талабы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңір – қуатты ел деп аталатын 5 басым бағытты қамти отырып, еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғышарттарын айқындап берді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарға мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, халықпен кері байланысты орнатуды тапсырды.

Біз өз кезегімізде халыққа көрсететін қызмет сапасын арттырып, халық арасындағы алтын көпірге айналуымыз қажет. Себебі мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни  мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету-мемлекеттік органдар жұмысының аса маңызды басымдылығы.

Тұрғындардың алған қызметтерімен қанағаттану деңгейін арттырудың  бірден бір жолы, ол халық арасында қызметтердің алу тәсілі, реті, мерзімі бойынша ақпараттық — насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Чапаев ауылындағы «Гнездышко» балабақшасы Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсынады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету үшін барлық жағдай жасалынған. Атап айтқанда Заңнамалық тұрғыдан мерзімдер нақты бекітіліп, тиісті ақпарттық жүйелер қолданысқа енгізілген. Жауапты қызметкерлер бекітілген. Қызметтер тек қана электронды түрде  жүзеге асырылады.

Балаларды кезекке қою және балабақшаларға жолдама алу қызметтерін ата-аналар жекеэлектронды цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦҚ) Е–ZHETYSU.KZ ПОРТАЛЫ  арқылы үйде отырып алуға болады.

Жоғарыда айтылған бағалау өлшемдерінің тағы бірі – мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты, тұрғындармен қызметтерді электронды нысанда алуын қамтамасыз ету мақсатында үйден қызмет алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналарға, аталған қызметті көрсету үшін балабақшада «Egov бұрыштары» ұйымдастырылған. Яғни  Электронды үкіметтің порталы арқылы ата-аналар кез келген қызметті аудандық ХҚКО бармай-ақ алуға болатын мүмкіндіктер қарастырылған.

Мемлекеттік органдар алдындағы нақты міндеттірдің бірі мемлекеттік қызметтерді электронды нысанға аудару.

Бұл бағыттажыл басынан бері қоғамда жоғарғы сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы қызметтердің көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары назардан тыс қалған емес.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезекті қалыптастыру процесін автоматтандыруға Е–ZHETYSU.KZ ПОРТАЛЫ енгізіліп қазіргі кезде тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Автоматтандырудың негізгі артықшылығы ата – аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз тандалған балабақшаларға жолдама алу мүмкіндігігін береді.

«Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» нысаналы индикатор «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін  қызметін электронды түрде ұсыну болып табылдаы. Осы мақсатқа қол жеткізіліп, балабақшалар мемлекеттік қызметтерді тек қана электронды форматта ұсынуда.

Қазіргі кезде балабақша қызметкерлері «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді оңай алуға болатынан үйреніп, онымен қатар келушілерге де түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

Гульнара Нургожаева

МҚК «Гнездышко» балабақшасының меңгерушісі

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button