Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБайсерке ауылдық округіБасты ақпаратДенсаулық

ТЕГІН ДӘРІ ҮЛЕСТІРІЛУДЕ

Бүгінгі таңда әлемді шарлаған індет кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы туындап, тіпті қиын-қыстау кезеңде сатып алуға мүмкіндік те тумай жататыны тағы бар. Осындай алмғайып заманда бір-бірімізге қол ұшын беріп, демеу жасап, адамдық таныта білсек, нұр үстіне нұр болмайды ма?!
Кәсіпкерлердің елге жәрдем жасап, науқас жандарға қарлығаштай қанатынан су сеуіп, індеттен айығуға септігін тигізіп жатқандарын жоққа шығара алмаймыз. Десек те, жер-жаһанды жайлаған індет күн санап ден деп барады. Адамдар арасында дүрбелең туып, үрей өршелене түсуде. Күн санап дәріхана есігін тоздырып жатқандардың қарасы көп. Осындай ел басына күн туған шақта жеке кәсіпкер Дауылбаева Набираның бастамасымен Байсерке ауылының орталығында орналасқан «Отау» дәріханасында ауыл тұрғындарына, мұқтаж жандарға күнделікті тегін дәрі үлестірілyде. Дәріхана иесі Н. Дауылбаева халыққа иненің жасуындай болсын көмегі тигенге қуанып, бұл үрдіс жалғасын табатынын сеніммен айтып отыр.


Осы дәріханада 6-7 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Жұлдыздың айтуынша осы ауылдағы арзан, өз деңгейінде тұрақты бағада сатылым «Отау» дәріханасында екенін тілге тиек етті. Әрине, дәрінің бағасы бақылауда тұрған бүгінгі күнде біз де дәріханада тегін дәрі үлестіріп жатқанын құп көріп, әр істің алғысы мен берекеті барына шүбәсіз сендік. Мұнда негізінен жүрекке арналған және қан қысымын реттейтін, суық тигенде қолдануға арналған дәрігердің рецептінсіз пайдалануға рұқсат дәрілер де тегін беріледі. Атап айтсақ, Каптоприл-акос, Эуфиллин, Бромгексин, Но-шпа, Ортафен, Ампициллин тағы да басқа да дәрілердің тізбегі осы топқа кіреді екен. Сонымен қоса Байсерке ауылының тұрғындары да өз кезегінде қайырымдылық үшін үйінде
артылған дәрі болса дәріні, болмаса ақшалай да дәріханаға беріп кетеді екен. «Қайырымдылыққа берілген ақшаға дәрі алып, осы топтамаға қосып қоямыз»,- дейді Жұлдыз.

Кәсіпкер өз дәріханасында үш адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. Мұқтаж жандарға қажетті дәрісін тегін беріп, көпке үлгі игі іс жасап жатқан кәсіпкерге разылық білдіріп, көптің тілеуі қабыл болады деп сендік.

Л. ҚАРАСАРТОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button