Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

14 жасқа толмаған баланы зорлаған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталады – Ерлан Қарин

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі. Бұл пікірді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы оқиғаларға байланысты желі пайдаланушылары балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту керек деп жазып жүр. Шын мәнінде мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы қабылданған еді. Президент 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жазасын жедел түрде қатаңдатуды тапсырды», – деп жазды Ерлан Қарин өзінің Телеграм парақшасында.

Президент кеңесшісі тиісті заң жобасының күзде Парламентке түскенін атап өтті.

Ал 30 желтоқсанда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және ол 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

«Заңның жаңа нормаларына сәйкес, орташа ауырлықтағы зорлық-зомбылық қылмысы ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Одан бөлек, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін де жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін ауыр қылмыс болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі – біздің мемлекет үшін басым бағыттардың бірі», – деді Ерлан Қарин

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close