Басты ақпаратДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

3 тамыздан бастап қандай нысандар ашылады

Егер жағдай тұрақталса сұлулық салондары және шаштараз сияқты нысандардың жұмысы қайта жанданады

Қазақстанда егер ауруханадағы жатын орындардың жүктемесі 70%-дан аспаса, коронавирус анықталғандар мен одан көз жұмғандар саны азайса, 3 тамыздан бастап карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетуге болады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмысын қайта жандандыруға рұқсат беріледі.

  • Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері — шектеулі уақытпен, күндіз жұмыс істейді;
  • Азық-түлік және басқа да базарлар;
  • Балаларға арналған коррекциялық кабинеттер, білім орталықтары, дамыту орталықтары, үйірмелер (топта 5 баладан артық емес), мектепке дейінгі орталықтар;
  • Сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық орталықтар, маникюр, педикюр салондары.

Министр баяндағандай, қоғамдық көліктер 50%-дан артық толмауы керек және онда кондуктор жұмыс істеуі керек.

«Сонымен бірге, ашық аспан астында арақашықтықты сақтап жаттығу өткізуге болды. Ұлттық құрамалардың 30 адамнан артық емес жиналып, топтық жаттығу өткізуіне рұқсат. Көшеде, паркте 3 адамнан артық топтасып жүрмеу керек. Қоғамдық көліктер 50%-дан артық толмауы керек. Адамдар автобуста маска тағады, кондуктор жұмыс істейді», — деп қосты Цой.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік және басқа да кеңселік қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады. Сондай-ақ келесі шаралар мен нысандардың жұмысына:

  • Көпшілік іс шаралардың барлық түріне;
  • Көңіл көтеру орталықтарының, кинотеатрлардың жұмысына;
  • фуд-корттардың, банкеттік залдардың, ресторандардың, барлардың, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;
  • мәдени орталықтар жұмысына, музейдің ашылуына;
  • көрме, конференция өткізуге;
  • спорт сарайларының, фитнес-залдардың, бассейн, жағажай, аквапарктер жұмысына ;
  • діни нысандарға;
  • қала сыртына жүретін электричка пойыздардың, (жұмыс пойыздарын ескермегенде), қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынады.

Алексей Цой Үкімет басшысынан осы ұсыныстарды ведомствоаралық комиссияға енгізуді сұрады.

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close