Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамМерекелер

АТА ЗАҢНЫҢ АБЫРОЙЫН АРТТЫРАЙЫҚ

Мемлекетіміз үшін 30-тамыз ең мерейлі даталардың бірі болып танылады. Сонау ХХ ғасырда, нақтырақ айтсақ, 1995 жылы тамылжыған тамыз айының 30-жұлдызында Ата Заңымыз қабылданып, тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі орнады. Міне, сол күннен бастап Ұлы далада мекендейтін әрбір азамат жаңаша өмірге бет бұрды десек артық айтқандық болмас. Ата-баба аңсаған тәуелсіздіктен кейінгі ұлы мақсат өз заңына бағыну болса, сол күн көк аспанға шарықтап, көкбөрінің ұрпағына нәсіп етілді.

Бірақ, неге екені белгісіз дәл осы ұлық күн өз дәрежесінде тойланбай келеді. Кейде ұмыт қалғандай күйде немқұрайлықпен қабыл алып, миығымыздан күліп, иықты қиқаң еткізіп шығарып салатынымыз өтірік емес. Бұл Заңды байлар шығарып, кедейлер зардабын тартатындығынан ба екен?

Сонымен, 30 тамыз Қазақстан Републикасының Ата Заңы күні қабылданған заңды құжаттың мазмұны мен практикалық іске асырылуын тәпсірлеп көрелік.

Еліміздің Конституциясы – заңдылық тұрғыда ғана емес, этикалық жағынан да қамтитын, елдің негізгі құрылымына қалыптастырып, халқымыздың үлкен бірлескен жетістіктерін анық байқататын еліміздің бейресми символы.

Конститутция – халықтың әлеуметтік-заңды қорғалуын кепілдентіретін күрделі механизм. Яғни, адам белгілі құқықтар мен міндеттерге ие, Әр елдің азаматының жүрегінде Отанына деген патриотизм және «Мен тәуелсіз елдің тәуелсіз азаматымын» деген сезім билеп, еліне құрметпен қарауы – гуманистік тәсілдермен жүргізіледі. Конституция адамдардың бір-біріне деген сыйластығының және төзімділігінің негізін қалай отырып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтады. Барлық мерекелердей конституция күні сахналық көріністер мен қойылымдар, отшашу, конкурстар, спорттық іс-шаралар, сауда орталықтарында келушілер үшін мерелік акцияларын да өткізуге әбден болады.

Міне, осы тұста әрбір азаматқа Ата Заңымыздың маңыздылығын да насихаттап, түсіндіріп отыруымыз қажет. Қолдарына ұстаған шарлары мен сыртқы қабырғаларға ілінетін баннерлерге де құнды суреттер мен қазақи нақыштағы ұлттық тәрбие мен заң шеңберіндегі суреттер салынса құба құп болар еді. Мектептерде сынып сағатында оқушыларға қарапайым құқығы туралы сабақтар өткізіледі. Республикалық Негізгі Заңы туралы білімдерін арттырып, идиологиялық жұмыстарды көбейтсек, көп уақыт өтпей-ақ болашақ ұрпақ санасында ең маңызды күнге айналары анық. Қазақстанның ТМД, ЕҚҰЫ, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕурАзЭс сияқты бағанасы биік, салмағы батпандай ұйымдарға мүше болуының нақты себебі – өзінің Ата Заңында адамзаттың құқығын таптаттырмай отырғандығы. Абайдың «Алланы сүй, одан соң оның ең ардақтысы- адамзатты сүю керек» — дегені негізгі ұстаным болып тұр.

Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті», — деп атап өткен болатын. Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Ал, Президентіміз Қ. Тоқаев: «Біздің мақсатымыз – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру. Ата Заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді» — дегенді алға тартты. Ендеше, ерекше мерекеміз Қазақстан Республикасының Конституция күнін барынша мәнді, мақсаты айқын, бояуын қанық қылып, біртұтас ел болып, ұйыған айрандай достығымызбен атап өту – азаматтық парызымыз деп білемін.

Б. ТОҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button