Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратДенсаулық

2020 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 948,0 млн. теңгені құрады

2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 шілдеге дейінгі кезеңде Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 948,0 млн.теңгені құрады.

Республика бойынша шілде айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 шілде аралығында) 19,7 млрд.теңгені құрады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, шілде айында Алматы облысы бойынша 559,8 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 388,2 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button