Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылым

ЖАҢА АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ

«Білім күні» мерекесі жағымды жаңалықпен басталды. Енді 8 орта мектептің оқушыларын су жаңа «СемАЗ» автобустары тасымалдайтын болады. «Deng Feng» автобустарын қазір Семей қаласында «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарады. Биыл оқушыларды тасымалдайтын көлік мәселесін шешуге облыс бойынша 940,6 млн. теңге бөлінсе, біздің ауданға осы соммадан бөлінген 130 890 178,54 теңгеге 11 автобус алынды. Тасымалданатын оқушылары аса көп №16, №20, №44 орта мектептеріне 2 автобустан берілді.

Игі істің басы-қасында жүрген аудан әкімі мектеп басшыларына автобустардың кілтін өзі табыстады. Ол алдымен аяулы ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтай келе: «Біз елімізді жайлаған пандемияға қарамастан, балалардың жетік білім алуына барлық күшімізді саламыз. Бүгінде мемлекет қаржысына алынған мына арнайы сары бояумен боялып, іші жайлы
орындықтармен жабдықталған заманауи автобустарымыз сөзімнің дәлелі. Сонымен қатар, биыл ауданымызда жаңа мектептердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. №19 орта мектептің
жанынан салынған жапсаржайдың құрылыс жұмысы аяқталып, жақында шәкірттеріміз бен ұстаздарымыздың игілігіне береміз», — деді.

Айта кетейік, ауданымызда мектепке тасымалданатын оқушылар саны 4 мыңға жуық, олардың дені саяжайларда тұрады. Аудан көлеміндегі мектептерді автобуспен ғана емес, қашықтан оқу барысында қажетті техника тапшылығы орын алып, жүйелі білім алуға кедергі болмау үшін 1409 ноутбукпен жабдықтамақ.

Б. ЧОЙБАСОВ

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close