Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымМәдениет

«Орақты батыр – тарихи жыр

Бақтиярдан Шуманақ, Сырманақты,

Әркімге тәңірім бере бақты.

Шуманақтан Қанқожа төртеу екен,

Қанқожадан туады Ер Орақты.

Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп атажауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. ХV ғасырда өмір сүрген Орақты батыр ел іргесінің сөгілмеуіне үлес қосып, ұлт пен ұлыстығының татулығын көксеген қайраткер тұлға.

Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы қазақтың өз алдына халық болып қалыптасуына жол ашты. Қазақ хандығының бірнеше ғасырлық тарихында мемлекеттің тұрақтылығы мен өрісінің тұтастығын сақтауда ұлт батырларының орны ерекше болғандығы белгілі. Қазақ хандығының нығаюына, сол кездердегі жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген шайқастарда қолбасшы ретінде ерлік көрсеткен тұлғлардың бірі Орақты Алшағырұлының туғанына 600 жыл толды. Осы орайда Қазақтың батыры Орақты батырдың ерлік жолымен таныстыру «Орақты батыр» жырын насихаттау мақсатында Ақши ауылдық кітапханасы желі оқырмандарына «Орақты батыр – тарихи жыр» атты онлайн жыр сағатын назарларыңызға ұсынды.

Б.Шамиева

Басқа жаңалықтар

Back to top button