Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ…

Еліміз бойынша өтіп жатқан республикалық «Мектепке жол» акциясына Іле ауданы КазЦИК ауылы «Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі де атсалысуда. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету – сауабы мол игі іс.

2020-2021 оқу жылы елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесімен басталды. Осы орайда, мектептегі барлық компьютерлер оқушыларға таратылып берілді.

«Нұр Отан» партиясы бір оқушыға мектеп сөмкесін мен оқу құралдарын, аудандық «Казпошта» торабының директоры Далабаев Ерлан Кенжеахметұлы бір оқушыға мектепке қажетті барлық заттарын алып берді. Мектеп директоры А. Касымова бастаған ұжым 25 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын таратты. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. КазЦИК ауылдық округінің әкімі Оңалбаев Жасұлан Шералыұлы демеушілердің қолдауымен бес оқушыға смартфон сыйлады. Боралдай округінде орналасқан 55065 әскери бөлімше командирі Лесбаев Ғалымжан Макұлбекұлы және Балғабаева Мадина Абілдақызының ұйымдастыруымен бір от-басының 3 баласына сөмкелері, оқу құралдары және планшет табысталды. Барлық демеушілік көрсеткен жүрегі мейірімге толы азаматтарға Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебінінің атынан ризашылығымызды білдіреміз. Балалардың қуанышынды шек жок, айтар алғыстары мол.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. Балалардың жарқын болашағына көлеңке түсірмей, ықыласыңыз бен қамқорлығыңызды сыйлаңыз. «Сіздің балаларға қол ұшын созып, олармен жүрек жылуын бөлісе алатындарыңызға сенеміз!»- деп ауыл тұрғындары мен жомарт азаматтарды жыл бойы жалғасатын Республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуға шақырамыз.

А.БАЙАРЫСТАН,
№6 орта мектептің әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button