Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

АУДАН ӘКІМІ  ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

Өркениетті елдердің тәжірибесін жан-жақты зерттеген «Nur Оtаn» пратиясы қазіргі таңда партияішілік іріктеуді-праймеризді өткізіп, сайлауға түсетін кандидаттарды таңдауды алдына мақсат етіп қойды. Еліміз бойынша праймериз биыл 17 тамыз — 3 қазан аралығында өтуде.  Осыған байланысты Іле ауданының әкімі, «Nur Оtаn» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев сайлауалды науқанына қатысып жатқан кандидаттармен кеңінен танысып және оларға дауыс беру үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркеуден өтті.

Бүгінгі күні партияішілік іріктеуге қатысып жатқан ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері, ауыл белсенділері  елді мекендерді аралап, өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.Прайзмеризге қатысушылар  ауылдағы қарапайым партия мүшелеріне алда атқаратын жұмыстары мен  мақсат-мүдделерін ашық айтып, өздерінің  сайлауалды бағдарламаларымен жұртшылықты таныстыруда.

Партиялық праймеризге онлайын дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button