Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫ

Жыл сайын  Қазақстанда  жаңа  оқу  жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Құйған ауылының №32 орта мектебінде де акция басталып, «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өткізілді. Шараның басты мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа оқу жылында киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Жетіген ауылдық округіндегі мекеме, кәсіпорын, серіктес басшыларына, жеке кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсету үшін сұраныс хаттар таратылды. РСУ-1 мекемесінің басшысы С. Досаев, аудандық электр жүйесінің басшысы Ж. Қуандықов және «Рауан» дүкенінің иесі ұжымы тарапынан көмек көрсетілді. Мектеп ұжымы да бұл істен қалыс қалмады. Аз қамтылған және көпбалалы, толық емес отбасы балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарлары берілді.Қазіргі пандемия жағдайындағы оқушылардың қашықтықтан білім алып жатқандығына байланысты аудандық білім бөлімінен көпбалалы бес отбасына ноутбук таратылды.

 

 Г. Қадырова,

№32 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button