Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мейірімділік — жүректен

«Мейрімділік — жүректен» — дейді дана халқымыз. Абай Құнанбаев қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ», – деп айтылған. Боралдай кенті, «№40 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық  мекемесінде жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» акциясы  ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мектепте «Мектепке жол» акциясы аясында atamekenim.kz платформасын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік көмек түрін қажет ететін отбасылар аtamekenim.kz порталы туралы түсіндірме жұмыстары жасалғаннан кейін, ата-аналар аtamekenim.kz  порталына өтініш хаттарын жолдауда.

«Мектепке жол» акциясы бойынша әлеуметтік мәртебеге ие (көпбалалы, аз қамтылған, толық емес, жетім) отбасыдан шыққан 31 оқушыға  түрлі көмектер көрсетілді. Қашықтан оқуға қажетті оқу құралдары мен күзгі-қыстық аяқ киім, ұялы телефонға қажетті бірлік, ғаламторға қосылуды жеңілдету мақсатында модем құрылғысы оқушыларға берілді, Сонымен қатар, мектеп әкімшілігінің демеушілігімен үйден оқитын 1 оқушы қашықтан оқытуға қажетті планшетпен қамтамасыз етілді.

Мектеп ұжымы  акция барысында балаларға үшін демеушілік жасаған  С. Мұқатеаваға, Ш. Аллаяроваға, М. Битановаға, А. Айтқұловаға, Ғ. Сырлыбаеваға, Б. Мұңбаеваға, Д. Алқановқа, Р. Алқановаға, А.Амантаеваға М. Юсуповаға және Боралдай кенті бойынша жомарттық жасаған кент тұрғындарына   шексіз алғыс білдіреді. Сонымен қатар, мектептің өзі де бұл қайырымды шарадан тыс қалмады. Аталмыш акцияға өз үлестерін қосқаны үшін  Дәулет Әшімов, Елтай Мәжіт, Торғын Әуренбаева, Ботагөз Илиясова, Балауса Сарымова, Тоты Сембаева, Меруерт Ноғайбекова, Меруерт Тезекбаева, Гүлзат Маханбетова, Насиба Юсупова сынды мектеп қызметкерлеріне көмекке зәру жандар  ризалықтарын білдірді.

Қорытындылай келе, жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға көмектесу мақсатындағы қайырымдылық жасауды ұйымдастыру жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Ел болашағы санаталын болашақ ұрпаққа жаны жомарт жандарды жақсылық жасау мен көмек көрсету үшін  демеушілік көрсетуге шақырамыз.

К. САПАРБЕК,

№40 орта мектептің әлеуметтік педагогы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button