Алматы облысының жаңалықтарыКүрті ауылдық округіМерекелер

Құрметті мектебіміздің ұлағатты ұстаздары! Сіздерді қазан айында аталып өтетін төл мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймыз!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы — білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады.

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбек жолдарыңыз сан қырлы. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздықты шығармашылық жұмыспен жалғай білдіңіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Ел аман, жұрт тыныш болып, мектеп қабырғасында кездескенше!

 

Ақши ауылы

№8 орта мектетің ата-аналары

Басқа жаңалықтар

Back to top button