Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

CОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ

ТІЛМӘРТЕБЕСІ - ЕЛМӘРТЕБЕСІ

Еліміздің Президентінің «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» №110 Жарлығын, «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 28 тамыз 2020 жылғы №246 бұйрығын орындау мақсатында 2020 жылдың 5 қыркүйек – 22 қыркүйек аралығы «Тіл айлығы» деп жарияланып, №24 лицейде «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында айлық жоспары құрылып, бекітілді. Оның мақсаты – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, оқушылардың тіл мәдениетін білуге деген құштарлығын арттыру, оларды Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Айлықтың ашылуы онлайн түрде өткізілді. Оқушылар тіл туралы өлең оқып, ақын-жазушылардың ана тілі жайлы пікірлерімен танысты.

Аталмыш айлық аясында бекітілген жоспар бойынша лицейдің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.

Шараны лицей кітапханашылары Салтанат Орынбайқызы, Ақбота Сәйтәжіқызы дайындағын «Тіл  – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбындағы кітап көрмесі жалғастырды. Көрмеге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғұлама ғалымдар мен ақындардың үздік шығармалары қойылып, таныстырылды. А.Байтұрсынұлы, Д.Қамзабекұлы, М. Шаханов сынды мемлекеттік тілді дамыту жолында аянбай еңбек еткен тіл жанашырларының шығармалары кітап көрмесіне қойылды.

Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Бақтыгул Хабитқызы, Рабиға Базарбайқызы «Мемлекеттік тілдің өткені, бүгіні және ертеңі» атты тақырыбында 10-11-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесуге қазақ деген халықтың қасиетін ұлықтап, тілін дәріптеп келе жатқан ғалым, профессор, педагогика ғылымдарының докторы «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ЖОО-ның » 27 оқулық авторы Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекова қонақ ретінде шақырылды. Кездесудің мақсаты ана тілімізді қадірлеу, қастерлеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, елжанды, ойы ұшқыр, рухы биік дара тұлға тәрбиелеу еді.

«Мемлекеттік тілге құрмет – жастарға үлкен міндет» тақырыбында 6-7-сынып оқушылары арасында Арай Исмагулова мен Байдилдаева Мархабаттың ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қатысқан оқушылар арасынан үздіктері анықталып, марапатталды. Жасөспірімдер арасында ана тілді дәріптеу, тілімізге құрмет көрсетуді насихаттау мақсатында өткен бұл сайыс көптің көңілінен шықты. Тіл жанашырлары-ақын-жазушылардың өлеңдері мен нақыл сөздерін жатқа оқыту арқылы тіл мәселесі қай заманда болса да халық үшін бағасыз құнды жәдігер екендігін жас жеткіншектердің санасына сіңіре білді.

Орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Язык – это целый мир, полный прелести и волшебство» тақырыбында 2-4-сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Ұйымдастырушы – Қарлығаш Өтегенова. Ал, ағылшын пәнінің мұғалімдері Қарлығаш Минулина, Ирина Телешкина «My Language» атты 9-сынып оқушылары арасында эссе байқауын өткізді. Үздік деп танылған оқушыларды марапаттады. Байқауда Аяла Әлімғожа, Тілеубек Іңкәр, Ажар Хамитова Нүрилә Донаева Еркебұлан Мұхтар сынды оқушылар жеңімпаз атанды. Сонымен қатар «Тіл – тағдыры — ел тағдыры» тақырыбында 1-11-сынып жетекшілерінің сынып сағаттары онлайн өткізілді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, оған зор ықыласпен қатысты.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рыскүл Байжұмақызының ұйымдастырылуымен 9-сыныптар арасында «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Арай Оразғалиқызы өткізілген іс-шараларға белсенділік танытқан ұстаздарды, жеңімпаз оқушыларды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» — деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

 

Ділдә Ахметалы,

№24 лицейдің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button