Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАщыбұлақ ауылдық округіБасты ақпаратҚоғам

АУЫЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАРАДЫ

Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы, Гагарин көшесі №141 үйдің тұрғыны, тұрмыс-жағдайы төмен отбасы Есина Любовь Александровнаның отбасына қайырымдылық қоры, округ демеушілері және әкім аппаратының көмегімен баспанасын салып берді.

Сонау 60 жылдары салынған Есиналардың баспанасының тозығы жетіп құлауға шақ қалған еді. Жалғыз ұлы Антон Есин колледжде оқиды. Ол өзінің үйін қалыпқа келтіруге тырысқанымен жас баланың қолынан келер қайран болмады. Осы қиыншылықты көріп, куә болған көршілері бірден ауыл әкімі Мұхит Бақытұлына құлағдар еткеннен кейін халық болып ұйымдасып жөндеу құрлысытарын ерте маусым айында басталып, қазіргі таңда қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарына Исмаил Ибн Ибрахим қайырымдылық қоры қаржылай көмек беріп, жұмысты жүргізуге басшылық еткен Таласбаев Әлібай Қалдыханұлы бастаған белсенді топ, жаз бойы тап-тұйнақтай етіп үш бөлмелі үйді соғып берді. Ауызбіршіліктен артылатын жұмыс қалмайды емес пе. Ащыбұлақ окрігінің тұрғындары үй біткенше жалғыз басты анамен балаға киім-кешек, ас тағамдарын кезекпе кезек тасып тұрды. Үйдің жалпы ауданы 60 шаршы метр. Енді бұл үйде Антон Есин емін еркін сабағына дайындалып, жылы үйде анасымен бақытты ғұмырын бастан кешетін болады. Көршісі Гүлзипа Омарәлиева: «Мен Любовь Александровамен көрші тұрамын. Қазақта сөз бар ғой, «Жақын көршің туысың» — деген көршімнің кісілердің әлеуметтік жағдайымен бұзылған үйі ойымнан кетпей жүретін. Енді міне көршімнің де көңілі тоқ, менде өзімді жайлы сезініп жүрмін. Осы жұмыстың басы қасында жүрген ауыл азаматтарына шексіз рахметімді айтамын. Аман болсын, істері өрге домалай берсін! » — деді.

Сауабы мол игі іске білек сыбана кіріскен Исмаил Ибн Ибрахим қайырымдылық қорына, ауылдық округ әкімі аппаратына Любовь Александровамен көршілері алғыстарын жаудырып жатыр. Қайырымдылыққорының бұл алғашқы халыққа жасап жатқан шарапаты емес. Пандемия кезінде де, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға арқа-арқа азық-түлік тасып, елдің алғысын алып жүрген берекелі жандар. Ендеше бізде алдағы ісеріңізге тек Жаратушымыз жар болып аман-есен болуларын тілейміз.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button