Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Арнайы  талдау  тобы  жұмысын  жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің ұсынысы негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетуші  жергілікті органдарда көрнекі ақпараттың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет алушыларға (соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелерін бақылау  мақсатында Іле ауданы әкімінің 27 ақпан 2018 жылғы №24ө н/қ өкімімен   талдау тобы құрылған.

Аталған топтың құрамы  аппарат қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен құрылған.

Арнайы талдау тобы өз қызметін қоғамдық бастамалар, жариялық және ашықтық, мемлекет пен азаматтық  қоғамның өзара іс-қимылы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Талдау тобы 2018 жылдан бері Іле ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірнеше зерделеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылы наурыз айында Боралдай, КазЦик, Ащыбұлақ ауылдық округтерінде және 3 тоқсанда Жетіген, Байсерке ауылдық округтерінде мемлекеттік қызмет  қызмет көрсетуші мекемелерге талдау жұмыстарын жүргізді.

Талдау барасында бірқатар кемшіліктер айқындалды, олардың ішінде: мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың толық еместігі, қызмет алушыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға қолайлы жағдайлар жасалынбағандығы (пандустардың, қоңырау түймелерінің, көрсетілетін қызмет туралы ақпараттандырылған тақталардың, қызмет алушыларға арналған күту орындарының болмауы, қызмет берушімен алушының арасында терезенің, болуы), т.б. кемшіліктер.

Анықталған кемшіліктер бойынша талдау парақшалары толтырылып, мекеме басшыларына тапсырылды. Кемшіліктердің орындалуы топ мүшелерінің назарынан тыс қалмай арнайы бақылауға алынған. Аудандық қоғамдық кеңес пен «Nur Otan» пртиясының отырыстарында қаралып,   тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.

Талдау шаралары барысында Жетіген ауылдық округі әкімі аппаратының «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» мен қызмет алушыларға толық жағдайлар жасалғанын және аталған жұмыстар бойынша тыңғылықты жұмыстар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Қызмет алуышыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасалынған.Сонымен қатар Жетіген, Байсерке ауылдық округіндегі білім беру мекемелеріндегі қызмет алуышларға толық жағдайлар жасалғаны көрініп тұр. Аталған округтердегі денсаулық сақтау мекемелеріне талдау тобының мүшелері біраз кемшіліктерін тізіп, түзетуге уақыт берді.

Аудандық талдау тобы алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі тұтынушыға жасалған жағдайды бақылау мақсатында тұрақты түрде зеределеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының неғұрлым жоғары деңгейде болуы соғұрлым сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізетіні айқын.

 

Санат Ерболатұлы, Іле ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button