Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Санитарлық талаптар сақталуда

Ағымдағы жылдың 17 қазаны күні Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов 19 қазаннан бастап карантинді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы бойынша облыс аумағында сыйымдылығы 50-ден астам қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, дәмханалар, кофеханалар, мейрамханалар және басқа да мекемелер) жұмысы тоқтатылады. Саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы, сондай-ақ барлық ойын-сауық объектілерінің – түнгі клубтардың, көрмелердің, бильярд және компьютерлік клубтардың, балалар ойын алаңдарының, жабық үй-жайлардағы батуттардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көліктерге сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кестеге сәйкес, 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін қарбалас сағаттарда 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілген. Сонымен қатар, санитар дәрігердің қаулысымен бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салу, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу күшіне енеді. Ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынады.
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, өндіріс орындары, ашық ауада жұмыс істейтін мекемелер, басқа да мекемелер карантин талаптарын, арақашықтықты сақтай отырып, қызмет етулеріне рұқсат берілген. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Жөргенбаев Асылбек Мұхтарұлы және аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары «Джей Ти Ай Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмыс барысын тексеріп келді.

JTI – Қазақстандағы жетекші темекі компаниясы. Тексеру барысында компания қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан қызмет көрсету жүйесіне көшіріліп, қалғаны санитарлық талаптарға сай бетперде тағып, бір реттік қолғаптарды киіп, арақашықтықты сақтай отырып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Компанияның әр жерінде антисептиктер қойылып, сақтық шаралары үнемі ескертіліп отырады екен. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмысқа кіргенде, шыққан кезде дене қызуы тексеріліп, медициналық-санитарлық талаптар қатаң орындалуда.
Иә, ауданымыздағы мекемелердің санитарлық талаптарын тексеру жұмыстары әлі де болса жалғасын табады. Бас санитардың қаулысына мән беріп, барша тұрғындарды да өздерінің жеке бас және отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button