Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ЗАМАНАУИ ОТТЕГІ СТАНЦИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық орталық ауруханада короновирустың екінші толқынының белең алу ықтималдылығына орай індеттің алдын алу мақсатында күніне 500-ге жуық  тест анализін қамтитын заманауи ПТР зертханасы мен оттегі станциясы  ашылды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұманов арнайы келіп, игі шараның ашылуының куәгері болып, оттегі станциясының жұмысымен танысты. Бұдан былай барлық округтегі ауылдық амбулаториядан келген сынамаларды осы зертханада қабылдау жоспарланып отыр.

Дәл қазіргі кезде аса маңызды құрылғы – оттегі станциясы «Birgemiz Jetisy» қоры мен облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға салынды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аталмыш зертхананы Іле ауданының орталық ауруханасына салдыруында үлкен мән бар. Ауданымыз облыс бойынша халқы тығыз орналасқан және адам саны жағынан екінші орында тұр.

Станцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аурухананың бас дәрігері Бауыржан Ысқақ: «Жаңадан ашылып отырған ПТР-зерханасы үшін біз аса қуаныштымыз. Бұл зертхана індетті анықтап, оның алдын алуда үлкен көмек болды. Мамандарымыз арнайы оқу курсынан өтіп, өз сертификаттарын алып,  жұмыстарына білек сыбана кірісуде. Зертхана күніне 500-ге жуық тест сараптамасын қамти алады. Бүгінгі ашылып отырған тағы да бір жаңалығымыз – оттегі станциясы. Бұл станцияда 150 киловаттық энергия қуатында жұмыс жасайтын 50 текше метр сыйымдылығы бар оттегі жинақтайтын екі қондырғы орнатылған. Осы екі қондырғыдан оттегі алынады. Осыған орай, аурухана бөлімдеріне оттегі берілетін 100 дана қосымша розеткалар тартылды» — деді бас дәрігер. Бас дәрігердің айтуынша, облыс бойынша мұндай 3 оттегі станциясы іске қосылған екен. Жаңа станция ашылмай тұрғанда оттегі баллондарын жергілікті станциялардан толтырып, тасымалдап, күніне 150 оттегі толтырылған баллондарды тасымалдау машақатынан арылғандарын айтып, қуанышын жасыра алмады.

Бүгінгі күні  коронавирус бойынша ауданда жағдай тұрақты. Соңғы қазан айында 5 жағдай тіркелген. Алайда, мұны күзгі тұмау мен басқа да жұқпалы инфекциялық ауруларға байланыстырып отыр. Аудандық орталық ауруханада індетпен күресуге барынша жағдай жасалып, коронавируспен ауырғандарды емдеуге төсек орындары әзірленді.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button