Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Өмір сынақ, сен ешқашан мойыма

Жетіген ауылдық және 11 мектеп кітапхана меңгерушілері Жетіген ауылдық округіндегі Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс орталығының оңалту кабинетінде әлеуметтік ортада жағымды, адамгершілік қалыптастыру бағытының қарым — қатынас қалыптастыру және баланың тұлғалық дамуына әсер ету мақсатында «Өмір сынақ, сен ешқашан мойыма» тақырыбында жан жылуы сағаты өтті.

Шара барысында балалар әдебиетінен көрме инсталяция ұйымдастыру мен қатар ертегі оқытып және әр балаға тәттілер таратылды. Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі балаларға серпін беріп, өмірге деген қызығушылығын арттыра түседі деп сенеміз. Осы орталықта мүмкіндігі шектеулі балалармен қызмет атқарып жүрген әлеуметтік қызметкерлер А.Дуйсенбекова, М.Бимурзаева және логопед-деффектолог К.Нурсейтова ханымдарға мың алғыс. «Жерде бір бала қуанса, мың періште шаттанады» демекші оларға барынша қолдау көрсету баршамыздың ортақ парызымыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button