Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ЕЛДІГІМНІҢ РЕҢІ, ТЕҢДІГІМНІҢ ТІРЕГІ!

Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кез келген салаға іркіліс келтіргені баршамызға аян. Осы қиындыққа қа-рамастан Байсерке ауы-лы №12 орта мектеп ұстаздары да уақытша қашықтықтан оқуымызға байланысты өз шәкірттерін білім нәрімен қашықтықта отырып-ақ сусындатуда. Мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейтбаева Әсел Меркібайқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының рәміздерінің құрметіне арналған онлайн форматта онкүндік ұйымдастырылды. Ұстаздарымыз қашықтықтан оқытуды да жақсылап меңгеріп алған. Әрбір сыныпжетекші онлайн тәрбие сағаттарын өткізіп, «Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнероликтер жасады. Бұл онкүндікте мектебіміздің кітапханашылары да қарап қалмады. Кітапхана сөрелеріне рәміздерге арналған «Рәміздерім – елдігімнің реңі» атты кітап бұрыштарын ұйымдастырып, өз оқырмандарына бейнероликтер жолдады. Аталмыш онкүндік онлайн түрінде өткізілсе де оқушыларымыздың көкейінен орын алып, жас ұрпақтың Отанымызға, елімізге деген патриоттық сезімдерін оятты. Жалынды жастарымыз еліне, рәміздерге деген сүйіспеншілікпен өлең жолдарын, тақпақтарын бейнероликтермен жолдады. Бұл онкүндік жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті. Қазағымның тұғыры биік болып көк байрағымыз биіктен желбірей берсін!

Б. ТОЙЖІГІТОВА,

№12 орта мектептің кітапхана меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button