Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік рәміздерді қолдау және насихаттау жоспарына сәйкес мектепте  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Оқу жылының басында сынып жетекшілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін салтанатты шараларды өткізу кезінде қолдану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, Әр  аптаның  дүйсенбі  күндерін  әнұранмен  бастауды  дәстүрге  айналдырдық.  Сынып жетекшілері  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Рәміздерін  оқушылар  арасында  насихаттау  мақсатында  өздерінің  жылдық  тәрбие  жоспарларына  енгізіп,  тәрбие  сағаттарын  уақытылы  өткізіп  отырды.  Мектепте Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Рәміздеріне  арналған  тұрақты  бұрыш  ұйымдастырылды. Қазан айында «Қазақстан рәміздері – менің мақтанышым», «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы», «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізді.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжырымдамасы ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс.

№30 орта мектеп

Басқа жаңалықтар

Back to top button