Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы

2020 жылғы 12 қараша күні сағат 11:00де Іле ауданы, Чапаев ауылы, Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өткізілді. Конференцияға  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының  төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы, аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен хатшылары, барлығы 39 адам қатысты.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, қаулылар  қабылданды. «Nur Otan» партиясы Іле  аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы  туралы «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Б.Ә. хабарлама жасап, делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесінде  «Nur Otan» партиясы Алматы облысы, Іле ауданы бойынша  сайлауалды бағдарламасы бектілді.2-ші мәселе бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өткізіліп, делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн дауыс беріліп, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық  филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде ең көп дауыс жинаған Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы  ұсынылды.

Алматы облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімге «Nur Otan» партиясынан пікірсайыс қорытындылары бойынша ең көп дауыс жинаған 10  кандидат  ұсынылды. «Nur Otan» партиясы атынан Іле аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау бойынша үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді.  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына  Іле ауданы бойынша қатысатын 7 делегаттың  тізімі бекітілді.  «Nur Otan» партиясы Алматы  облысы Іле  аудандық филиалының сайлауалды штабының төрағасы болып аудандық партия филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, штаб төрағасының орынбасарлары болып Исаев Әмзе Әлдибекұлы  мен  Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы  ұсынылып, дауыс беру нәтижесінде бекітілді және  «Nur Otan» партиясы Іле  аудандық  филиалының  сайлауалды штабы аппараты құрылды.  «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы облысы, Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVI  конференциясы күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button