Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК!

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Әлеуметтік көмекке зәру, мектеп оқушыларын мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Мектеп жасындағы кез келген бала білім алуға тиісті. Осыған байланысты, «№12 орта мектеп» әкімшілігі барлық Іле ауданы тұрғындарынан, жеке кәсіпкерлер мен жаны жомарт азаматтарды осы акцияға қатысып, демеушілік көрсетуге шақырып, әлеуметтік көмекке мұқтаж жетім, аз қамтылған, толық емес, көпбалалы отбасынан шыққан 72 оқушыға көмек көрсетілді. Демеушілік жасап, қол ұшын созған әр жанға алғысымызды білдіреміз.

Айналамыздағы қайырымдылыққа зәру жандардың жанашыры, қамқоршысы болып, сауабы мол іске үлес қосу әрбір адамзаттың парызы. Сондықтан да көмекке, қамқорлыққа мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық танытайық, ағайын!

Ә. САПАРБЕК,

№12 орта мектебінің әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button