Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

КҮЗГІ ИНТЕРАКТИВ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» № 1-ө өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі дамуына жол бермеу үшін оқушылардың демалыс кезінде пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған «Қазақстан балалары – күзгі интерактив» тақырыбында ұсыныс әзірледі.

Ұсыныстың мақсаты – күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығар-машылық, спортттық көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

Күзгі каникул кезінде білім берудің негізгі бағыты бойынша 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашаға дейінгі аралықта Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында іс-шаралар жоспары ұсынылды. Ұсынысты іске асыру мақсатында №1 орта мектебінің директоры Г. С. Күлбаева мектепішілік бұйрық шығарып, іс-шара жоспары құрылды. Кәсіптік бағдар беру бағы-тында 9-11 сыныптың сынып жетекшілері Б.Тынбаева, М.Цуллаева, Ж.Қасаболатова, Б.Тұтқабекова, Н.Сансызбаева «Қазақстан универ-ситетеріне саяхат» тақырыбында қашықтықтан ашық журнал дайындады. Интелектуалдылық бағыт бойынша мектеп кітапханашылары А. Елбаева мен А. Әбіжанова «Кітаптар әлемінде» тақырыбында ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармалары тура-лы оқушылар мен ата-аналарды қашықтықтан бейнежазбамен таныс-тырды. Эстетика бағыты бойынша музыка пәнінің мұғалімі К. Үшкемпірова «Дарындар әлемі» тақырыбында қашықтықтан балаларды ән айтуға баулыды. Бастауыш сынып мұғалімдері Б. Садықова, З. Тілеукенқызы, Қ.Әбдуғаппар, А. Күлгімбаева, А.Тасболатова, «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында сынып оқушы-ларымен онлайн сурет көрмесін өткізді. Сәнді қолданбалы өнер бағыты бойынша «Өнер» әдістемелік бірлестігінің мүшелері «Отбасылық шеберхана» балалар қолөнерінің онлайн көрмесі туралы ата-аналардың шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерге жарияланды.

Б. ТЫНБАЕВА,

 №1 орта мектеп «Өнер» әдістемелік бірлестінің жетекшісі.

 А. ҚҰСМАНОВА,

 Көркем еңбек пәніні мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button