Алматы облысының жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР

Өмір – өзен. Кім болса да өмірде бақыт іздеп, тек қана соған ұмтылады. Бақыт жолында адам ұшқан құс тәрізді. Екі қанаты бірдей қағып, тепе-теңдікті сақтап ұшпаса, құс бағытынан ауытқып кетеді. Сол сияқты адам баласы да рухани және физиологиялық тұрғыда, яғни, жаны да тәні де дерттен сау болмаса, өмір жолында қиындықтарға кездесуі әбден мүмкін.

Міне, осындай өмір жолында жанына батқан ауыр дертті жеңіп, өзгелерге үлгі боларлық ерік жігерлі, мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы сыр шертпекпіз. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» — демекші, көпшілігіміз сау кезімізде денсаулыққа аса мән бере бермейміз.

Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінде қашықтықтан «Өмірге құштар жүректер» тақырыбында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Денсаулықтан асқан қазына жоқтығын жан дүниесімен түйсінген, мүмкіндігі шектеулі 13 оқушы (үйден оқитын – 7, мектептен оқитын – 6) іс-шараға қатысты. Олар мерекеге белсенділікпен қатысып, өздерінің қайсарлығын, шыдамдылығын көрсетті. Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің ұжымы тарапынан мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Сына жаздап

Сынбай қалдым, әйтеуір

Бұл өмірге

Өкпем жоқ деп, айта аламын» — деп Қадір Мырзалиев атамыз жырлағандай, өмірге өкпе артпай, тағдыр сынына мойымай, іс-шараға ат салысқан жандарға алғысымыз шексіз.

 

С. ӘМРЕНОВА, Н. РАХМАТУЛЛАЕВА,

№18 орта мектептің әлеуметтік педагогтары

Басқа жаңалықтар

Back to top button