Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыРухани ЖаңғыруРуханият

Іледен ұшқан інжу жыр

13.11.2020 ж. Жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбек Исахметовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Іледен ұшқан інжу жыр» атты ZOOM платформасында еске алу кеші өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар ақын Н.Исахметов өзінің жырларымен қарапайым халықтың, оқырмандардың жүрегінен орын алған еді. Ақын жүрегінен жарып шыққан өлең жолдары оның елге, туған жерге, Отанға деген сүйспеншілігін білдіретін. Еске алу кешіне ұлағатты ұстаз, Іле ауданының «Құрметті азаматы» асылдың сынығы Төрткен Кененқызы, Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Жабиева, замандасы әрі көршісі Ө.Абильдинов, әріптесі, ардагер кітапханашы А.Абильдинова, ақынның көзін көрген інілері Ғ.Сүйіндіков, К.Мамырбеков және ақынның ұлы Араби Исахметов пен көпшілік оқырмандар қатысты. Еске алу кешінде ақының жырлары оқылып, көз көргендер әдемі естеліктерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button