Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ИНФЕКЦИЯНЫ ЖҰҚТЫРМАУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДа

Іле ауданында коронавирустық жұқпасы (бұдан әрі — КВЖ) саласындағы эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығын  байқалады. 2020 жылдың  17 қарашасына ауданда КВЖ жұқтырғандардың  жалпы саны  394 адамға жетті. Оның ішінде 156 адамда  коронавирусты жұқпасының клиникалық белгілері болса, қалған 238-і  клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар болып отыр. Екінші толқын басталғалы бері, қазан айында осы індетті жұқтырған 10 жағдай, 1-17 қараша айында  барлығы  14 жағдай тіркелді. Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің №57 Қаулысы бойынша клиникалық белгілері жоқ науқастар үй жағдайында қалдырылуда. Аудан бойынша тіркелген жұқпа ошақтарында толықтай эпидемияға қарсы шаралар, қорытынды дезинфек-циялау жұмыстары жүргізілді.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап пневмония жағдайлары да есепке алынады, яғни  Covid-19 Коронавирустық инфекциясы (Вирус анықталмаған) болып табылады. Аудан бойынша 2020 жылдың 1 тамыздан бастап 17 қарашаға дейін  «Covid-19 Коронавирустық инфекциясымен 203 адам (Вирус анықталмаған) тіркеліп отыр. Барлық пневмония ошақтары тексеріліп,  түсіндіру жұмыстары жүргі-зілді, қарым- қатынаста болған 358 адам анықталды.  Олардың барлығына медициналық бақылау жүргізілді.

Аудан бойынша коронавирусты жұқпаның екінші толқынының алдын алу және таралуын болдырмау жөніндегі іс шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес аудан бойынша 381 төсек орынға инфекциялық бөлімше ашылады деп жоспарлануда. Іле аудандық орталық ауруханасында ПТР зертханасы ашылды, тәуліктік қуаттылығы 500 – 1000 сынама және 50 кубтық оттегі станциясы да  ашылды. Аудан тұрғындары арасында ПТР тест өткізілуде, барлығы 22232 тест өткізілді, тәулігіне 130-135 тест жасалуда. Қазіргі танда «Бану» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында  инфекциялық бөлімі ашылды, ол бөлімшеде тек қана КВИ-ға күдікті науқастар жатқызылады. Сонымен қатар,  Алматы облысының бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 5 қарашадағы №31 қауылысы бойынша барлық меншік нышанына қарамастан сыйымдылығы 50-ден астам адамға арналған қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, фудкорт, асханалар, донерлік, барлар), 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі ұйымдар, оқу-жаттығу сабақтарын есептемегенде  ойын-сауық объектілері және орналасқан жеріне қарамастан бассейндер жабылуда. Демалыс және мереке күндері  алаңы 2000 шаршы метрді құрайтын және одан да көп сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (орталықтарының) жұмысы, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары; келушілерді қабылдайтын қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, асханалар, барлар, банкет залдары, фудкорттар, донерныйлар) отырғызу орындарына қарамастан тоқтатылады. Бірақ, қоғамдық тамақтану орнының жеткізілім жұмысына рұқсат беріледі.

Коронавирустық инфекциясының  эпидемиялық жағдайының күрделенуінің себебі аудан бойынша тұрғындардың қоғамдық орындарға жиі баруы, дүкендерге, қоғамдық көліктерде бетперде тақпауы, 2 метрлік әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы, көп адам шақырылатын отбасылық іс шаралар өткізу сияқты алдын алу шараларын сақтамау болып табылады.

КВЖ ең көп тараған клиникалық көріністері дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, әлсіздік, тез шаршау арқылы байқалады. Сирек кездесетін клиникалық белгілері буындардағы ауру сезімі, мұрынның бітелуі, бас ауру, коньюктивит, тамақтың ауруы, диарея, иіс және дәм сезуді жоғалту да инфекцияны жұқтырғандықты білдіреді. Көп адамдарда бұр көріністер біртіндеп дамуы мүмкін, кейде жеңіл жағдайда өтіп кетуі де мүмкін.

Егер сізде жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалса үрейленбей, медициналық көмекке жүгініңіз, маска тағып жүріңіз және адам көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болыңыз.

Қазіргі таңда КВЖ-на қарсы спецификалық алдын алу шаралары, яғни вакцина ойлап табылған жоқ. Бірақ әлемнің бірнеше елдерінде КВЖ-на қарсы вакцина клиникалық зерттеулерден сәтті өткізілуде. Бұл алдағы уақытта індетті де жеңудің бірден бір жолы болмақ.

Сонда да коронавирусты жұқпаның алдын алу және одан сақтануға  қарапайым сақтық шараларын орындау қажет:

  • Қоғамдық орындарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, сауда нысандары, саябақтар, әуежай және т. б.) және қоғамдық көлікте бетперде тағуды ұмытпау;
  • Адамдар жаппай баратын жабық үй-жайларда, қоғамдық орындарда қозғалу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау.
  • Адамдарды шақыруға және топтастыруға байланысты іс-шараларды үйде өткізбеу (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, еске алу және тағы басқа);
  • Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу.
  • Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (қолыңызды сабынмен жиі жуу, антисептикпен өңдеу).

Әрқайсымыздың денсаулығымыз — жеке қолымызда, күнделікті өмірде жоғарыда көрсетілген қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өзімізді, отбасымызды коронавирусты жұқпадан аман сақтайық!!!

Ж. Отарбекова,

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close