Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Әбу Насыр әл-Фараби – 1150 жыл

Әбу Насыр әл-Фараби (870— 950) — қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді.

Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.).

Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері бар. Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button