Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету-тиянақты білім алудың бастауы

Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға-оқу, күшті болуға бірлік керек» деп ұғындырғандай мектеп оқушыларының жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен сапалы, тиянақты білім алулары керек.

Ол үшін мектептің, мектеп ұстаздарының орны ерекше. Сапалы ұрпақ тәрбиелеуде, болашағымыздың жарқын болуына өз үлестерін айтарлықтай қосып келеді.

Ғылым мен техниканың дамуында мемлекеттік мекемедегі басты назардағы айтулы мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекетіміздің әлеуметтік дамуындағы басты қағида болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сай, мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін атап өтсек:

1.Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау;

2.Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушыларды ұйымдастыру;

3.Негізгі орта (9-сынып) жалпы орта  (11-сынып) білім беру құжаттарын беру;

№11 орта мектепте жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Атап айтар болсақ «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың ізгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде мектепшілік бұйрық шығарылып 01.06-28.08.2020 аралығында жасалған кесте шеңберінде бірінші және мектепалды даярлық топтарына оқушылар қабылдадық. Құжат қабылдау egov.kz порталында және қағаз жүзде іске асырылды. Бұл, әрине, әлемдік пандемия салдарынан  карантин талаптарын сақтай отырып, орындалды. Биылғы оқу жылында 1-сыныптар бойынша 145 оқушы egov.kz порталы және 5 оқуша қағаз түрінде барлығы 150 оқушы қабылданды.Ал, мектеп алды даярлық тобына 5-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілердің де кестеге сай қабылдау жүргізілді. Даярлық топтарына 79 оқушы қабылданды. Оқушылардың құжаттары стандартқа сай жинақталды. Ата-аналардың өтініштері бекітіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басты назардағы өзекті мәселелердің бірі-денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру, оқу жоспарларын бекіту және үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдерді бөлу жөнінде мектепшілік бұйрықтар шығарылды және орындалды. Мектебімізде 7 оқушы үйден оқиды. Оның ішінде 3 оқушы қосалқы бағдарламамен, 3 оқушы ЗПР бағдарлама,1 оқушы жалпы білім беру бағдарламасымен  оқиды. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай арнайы тақырыптық күнтізбелік жоспар жасалып, ата-аналарымен сөйлесіп, мектеп директорымен бекітіліп, іске асырылды. Пән негізінде оқу бағдарламалары, сабаққа қатысу дәптерлері, бақылау күнделігі мен жеке іс-құжаттары бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің білім беру мекемесі жүргізетін қызмет бұл, негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру құжаттарын беру болып табылады. 2019-2020 оқу жылында 9-сыныпты 127 оқушы бітіріп, 36 оқушы коледжге түсіп (ақылы бөлімге — 15 оқушы, мемлекеттік тапсырыспен -4 оқушы ) 6 түлек жұмысқа орналасты. 11-сыныпта 54 түлек бітіріп, оның 13-і еліміздегі жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алса, 16 түлек ақылы түрде оқуға түсті. 6 түлек жұмысқа орналасты.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін электронды қызмет көрсету түрі-қазіргі технологияның қарқынды даму, талабына сай күннен-күнге дамып келеді. Осы орайда айта кететін жайт, мектебімізде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы іске асырылған еді. Бұл мұғалімдер мен ата-аналардың онлайн қызмет алуына септігін тигізген болатын. Карантин уақытында ата-аналарға балаларын мектепке қабылдауға зор пайдасын тиіп, мәселе оңтайлы шешілді.

Өзекті мәселелердің бірі- әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға қашықтықтан білім алуына жағдай жасау мақсатында мектептен компьютерлер мен ноудбуктар берілді. Бұл балалардың сапалы да тиянақты білім алу үшін үлкен мүмкіндік!

№11 орта мектепте мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. Бұл сұраныстың өз уақытында өз деңгейінде атқарылғанының көрінісі. Әрқашан мектебімізде озат мамандар озық технологияларды жетік меңгеріп, халыққа мемлекеттік қызмет түрлерін ұсына береді.

№11 орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қудайбергенова Жулдыз Қудайбергенқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button