Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету — білім ошағындағы сапалы қызмет

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметінің қоғам өміріндегі үлкен орын алатындығы аян.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттарын сақтай отырып, халыққа қызмет жасау заманның талабы. Қызмет көрсету-үнемділік, жаңа тиімділікке жетелесе, бұл процесті жүзеге асыру жауапкершілік.

Мемлекеттік қызмет көрсету еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың , халықтың компьютерлік сауатылығының көтерілуінің, цифрлық электрондық дамудың негізі болып табылады.

Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес,жүзеге асыралады.

-Оқушыларды мектепке бірінші сыныпқа қабылдау;

-Білім ұйымдарына ұзақ уақыт денсаулықтарына байланысты балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру;

-Негізгі орта (9 сынып) жалпы орта (11 сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың түпнұсқаларын беру;

-Жоғалған құжаттар бойынша өтініш қабылдау және түпнұсқаларын беру;

2020-2021 оқу жылында «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» Egovkz порталында  93 ата-ана өтініші,3 қағаз жүзіндегі өтініш қабылданып,өз дәрежесінде қанағаттандырылды.

Келесі өзекті мәселенің бірі бастауыш, негізгі орта , жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруда. 4 баланың ата-анасының өтініші қабылданып, жауап берілді.Онаң ішінде 2 оқушы ЗПР бағдарламасымен,2 оқушы жалпы бағдарламамен оқытылуы анықталып, денсаулықтары туралы анықтама арқылы оқытылуда.

Еліміздегі індет салдарынан бұл оқушыларда қашықтықтан онлайн түрде білім алып жатыр.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына мектеп тарапынан ноутбук , басты назарда болып,жағдай жасалды.

Білім беру мекемесіндегі мемлекеттік қызмет түрі –негізгі орта (9 сынып) жалпы орта (11 сынып ) білім беру туралы құжаттарды беру болып табылады.

2019-2020 оқу жылы аяқтаған 9 сынып 54 түлек,11 сынып 22 түлекке негізгі орта , жалпы орта білім алғандығы  туралы аттестат табыс етілді.

9 сыныпты аяқтаған 54 түлектің 26-ы колледжге өтініштері арқылы 28-і 10 сыныпқа қабылданды.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сәйкес , «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы электронды түрде халыққа қызмет жауапкершілікпен жүргізіліп келеді.

Мектеп аясындағы қоғам сұранысын орындау барысында қажеттіліктерді жылдам сапалы электронды түрде қызмет көрсету  бүгінгі күннің талабы болғандықтан жүйелі жұмыс өз уақытында іске асырылуда. 

№8 орта мектеп директоры

 Байгонусова Фарида Алпысбаевна

Басқа жаңалықтар

Back to top button