Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ОТАНДЫҚ ФИЛЬМ — «ОСКАР» СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕР

Отандық «Ұлы дала зары» фильмі әйгілі «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. «MG PRODUCTION PLUS» кинокомпаниясының ұжымы әділ шешім шығарғаны үшін ҚР Оскар комитетіне алғыс білдіреді.
«Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқының басынан өткен қасірет — АШАРШЫЛЫҚ тақырыбындағы фильм шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген. Қолдан жасалған қастандықтың салдарынан ата-бабаларымыздың 70%-дан астамы қынадай қырылды. Сондықтан, көркем туынды ата-бабамыздың, Алаш арыстарының рухына бағышталады», — дейді «MG PRODUCTION PLUS» кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков.
Жалпы фильмді жарыққа шығаруға 5 жылдан астам уақыт жұмсалған. Алғашында қаржы тапшылығына байланысты халықтан краудфандинг арқылы қаржы жиналған. Тіпті, компания иесі басталған істі аяқтау үшін жеке мүлкін де сатқан. Сондай-ақ, түсірілім болған Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал, Арасан, Суықсай, Баласаз ауылдарының тұрғындары да қақаған қысқа қарамастан түсірілім тобына барынша қолдау көрсеткен. Сондықтан, компания өкілдері «ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫН» халық фильмі ретінде есептейміз дейді.
Айта кетейік, бұған дейін аталған кинотуынды «Алтын глобус» премиясының «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымына үміткерлердің қатарына қосылған еді. Сонымен қатар, «Азия фильмдері фестивалінің» ашылу салтанатында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстандықтар «Ұлы дала зары» фильмін ақылы түрде cinexus.kz сайтынан онлайн форматта тамашалай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button