Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Өткені- өнеге, бүгіні- бекем, болашағы – жарқын, Ақши- өңірі

 Ақши ауылдық әкімшілігі және Ақши ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақши ауылдық мәдениет үйінде ақын, журналист, сазгер, Іле ауданының құрметті азаматы, халықаралық жазушылар, әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Шынәділ Мұқанұлының 70 жасқа толуына орай, жаңадан жарық көрген «Іленің сырлы кештері», « Көңіл күзі: сүмбіле», «Көңіл күзі: өлара» атты өлеңдер және әндер жинағына соңғы жылдары жазылған өлең- жырлары, арнаулар мен әндері енген үш кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Өткені- өнеге, бүгіні- бекем, болашағы – жарқын, Ақши- өңірі» атты 5 бөлімнен тұратын кітап көрмесін Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Амантаева таныстырып, шолу жасады.

Көрмеге ауылымыздың жергілікті ақын- жазушылары және Ш.Мұқанұлының жыр-жинақтары, сонымен қатар ауылымыздың баспасөз басылымдарына шыққан құрметті азаматтары туралы мақалалар қойылды.

Алғашқы сөз алған Күрті округінің әкімі М.Жұмамұратов қонақтарды осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, авторға жылы лебізін білдірді.

Кітап тұсауын аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Сыдық Әбуұлы, Желтоқсаншы, қоғам белсендісі ақын, ағамыздың жерлесі Ізтілеу Тойшыбайұлы мен Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» жезтаңдай әнші Гүлнара Ахметбаева кесіп, шығармашылығына шалқар шабыт тіледі.

Күмбірлі күй әсем әнмен өрілген іс-шарада әлем халықтар әдебиеті одағының мүшелері,ардагерлер кеңесінің төреағасы Жолдас Кемербаев және аналар кеңесінің төрайымы Жұмахан Мұңайтбасова қарымды қаламгердің қарапайымдылығына тоқталып, белгілі қаламгерлер ақынның еңбектеріне жоғары баға беріп, кітап бейбітшілік пен келісімді қадірлейтін әр адамға маңызды құрал екенін айтып,ақжарма тілектерін білдіріп, шапан жауып, алғыс хат табыс етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button