Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті

Ұсыныстарға сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10:00-де аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті. Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 15 адам қатысты. Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды.

Штаб ресми түрде ашылып,  Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі көрсетілді.  Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button