Алматы облысының жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыҚоғам

Сыбайлас жемқорлық – еліңе қорлық

Сыбайлас жемқорлық –жайылып кеткен жаман ауру секілді. Өйткені күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан біз сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген деректер естіп, біліп отырмыз. Жоғарғы билік басында отырған депутаттардың, әкімдердің, министрлердің сотталып жатқанын талай естідік. Үкімет оған қарсы іс-шараларды ұдайы өткізіп, газетжурналдар ол туралы жарыса жазып жатқанмен, оны ауыздықтау мүмкін болмай отырған сияқты. Жоғары лауазымды билік өкілдерінің өздері бүгінде темір тордың ар жағында отырса да, қалғандарға бұл сабақ бола алмай жатыр. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген ғой халқымыз, оңай олжаға қарық болғысы келетіндер алды-артын ойламай, үлкен қылмысқа барады. Ал олардың үкіметтің, заңның құрығынан құтыла алмасы анық.

Сыбайлас жемқорлық, парақорлық –егіз ұғымдар. Қазіргі кезеңде параны алушы да, беруші де тұтылады. Параны берушілер бар бола тұра, алушыларды түбірімен жою тіпті мүмкін емес. Пара алу, беру дерегі әр салада кездеседі. Қай салада кездессе де ол халық үшін зияны көп болуы мүмкін. Мысалы, саудада. Заңсыз әкелінген тауарлар шекарадан пара берумен өтеді. Ал заңсыз жолмен өткізілген мұндай заттарды (азық-түлік, дәрі-дәрмек) тұтынған халық зардап шегеді. Ешқандай жазығы жоқ қарапайым халыққа үлкен зияны тиеді. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орнында оқу оқу кезеңі аяқталып қалғанда тапсырылатын емтихан, сынақтардан ойдағыдай баға алу үшін оқытушыға пара ұсынады немесе оқытушы өзі талап етуі мүмкін. Қызметке орналасу үшін де жастар пара ұсынып жатады.Оның соң білімсіз, біліксіз маман даярлап, болашағыңа балта шабумен тең.

Бұлар сыбайлас жемқорлық туралы біз білетін деректің бір бөлшегі ғана. Біз білмейтін, үлкен, ауқымды бөліктері бар. Халық игілігі үшін бөлінген қаржыны қымқырып қалғысы келетіндер сотталса екен деп ойлаймын. Шиеттей бала-шағамен ішерге асы жоқ, киерге киімі жоқ, үйсізкүйсіз жүрген халі мүшкіл жандар қазір Қазақстанда өте көп. Осындай жандарды көре тұра, өзі халықтың мұң-мұқтажын орындау үшін билік басына жайғаса тұра халықтың ақшасын оңды солды шашып, өзіне басып қалғысы келетіндерге таңғаламын. Сондықтан елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үздіксіз жүріп отыру керек қой деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар тығыз жұмыс жасап, халық болып жұмылған жұдырықтай осы індеттің тамырына балта шапса, келешекте бұл кеселден құтыламыз деп ойлаймын.

Қоғамда әрбір адам, әрбір мекеме осы қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінен бастаса, бұл дерттің де шипасы табылары анық! Әр адам ҚР азаматы ретінде оған өз үлесін қосуы,оған атсалысуы, жауапкершілікті сезінуі керек! Қоғамда әділеттілік орнату өз қолымызда!

Колбай  Жумадилов

Боролдай кентінің тұрғыны,
Іле ауданының құрметті азаматы,
ардагерлер ұйымының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button