Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті

орумға еліміздің Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты тәжірибе алмасу,сондай-ақ, Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтті. БАҚ өкілдері іскерлік байланысты,қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады. Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алды.

Өз сөзінде «Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру» деп қосты ол.

Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, «Ой-Қарағай» демалыс кешені мен Тексан зауытын, Шонжыдағы ыстық су нысанын көрді. Бағдарламада еркін пікір алмасу қарастырылған. Бұл ретте БАҚ өкілдері өз білім,біліктерімен бөлісіп әріптестік байланыс орнатты. Сөз алғандар презентация арқылы өз жұмыстарын баяндап, ақпарат таратудағы тәсілдерімен бөлісті.
— «Бұл басқосу біз үшін таптырмас тәжірбие алаңы болды. Үш күн ішінде біз тасын түртсең тарихы көрінетін Жетісу жерінің киелі орындарымен таныстық. Жамбыл бабамыздың еліне, жеріне бардық. Тамаша бәрі ұнады. Осындай Press Summit керек-ақ. Өңірлерден келген әріптестерімнен көп нәрсе үйрендім», деп әсерімен бөлісті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.

Айта кетейік, «Jetisý media» КММ жанындағы аудандармен жұмыс жөніндегі бөлім ашылғаннан кейін халықты дұрыс жаңалықтармен уақтылы ақпараттандыру саласында үлкен жұмыс жүргізілді. Облыс аудан мен қала әкімдерінің баспасөз хатшылары бір жыл ішінде 20 000-нан астам тікелей эфир өткізді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 25 000 жарияланым жарияланды. Халықпен жұмыс та шетте қалмайды, сондықтан тұрғындар тарапынан 40 000 — нан астам сұрақ қойылды, осының барлығына баспасөз хатшылары уақытылы жауап беріп отырды.
«Бізде өздеріңізге белгілі, осыдан үш жыл бұрын аудан-қала әкімдерінде баспасөз хатшылары жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда олар билік пен бұқара арасына алтын көпір орнатты. Жергілікті жерлердегі қандайда бір мәселе, жаңалықтар болса алғашқы болып жариялап немесе әкімдікке жеткізіп шешу жолдарын қарастырып жатады. Бұл шараның да негізгі мақсаты сол. Облыстағы баспасөз хатшылары мен түрлі өңірдегі әріптестердің бірлесе жұмыс атқару. Соған дәнекер болу», — деді «Jetisý media» КММ бөлім басшысы Айман Асыл.

Басқа жаңалықтар

Back to top button