Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз.Ұсақ моторика дегеніміз не? Оны қалай дамыту керек ?  Физиология тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Сонымен қатар қол мен көздің тепе- теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады.Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз.Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына ,кеңістікті бағдарлауға заттың іс- әрекетті орындауға өзіне деген сенімдікті нығайтуға көмектеседі.

       Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың  ұсақ қол моторикасын дамыту бала денсаулығына әсері

Ұсақ қол моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше.В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықті епті болса,соншалықты ойлауы,сөйлеуі жақсы дамиды, яғни  бала қолымен көбірек жұмыс істесе ,соғырлым қимыл әрекеті мен белсенділігі артады.Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөздік қорларын дамытуда ,қызығушылықтарын арттыруда ойындарды тапсырма , жаттығулар , қол өнер қолдану көп нәтеже береді.  Ойын арқылы ерекше балалардың ауыз екі сөйлеуі дамып, қарым- қатынас жасау,еркінде сенімді араласу машығын игереді. Таным белсенділіктері қалыптаса түсіп ақыл ойы өсіп жетіледі. Ойын түрлері өте көп .Ойындардың бірі саусақ ойыны .Саусақ ойыны арқылы баланы сөйлеуге деген талпынысын ,зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін қалыптастырады.Осы орайда ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың зейінін, есте сақтауын , ойлау қабілетін , ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында түзету-дамыту сабақтары үнемі жүргізіліп отырады. №42 орта мектебінде дефектолог мамаман   түзету-дамыту сабақтарын өткізіп   жатыр. Біздің мектепте ерекше білім беруді қажеттілігі бар білім алушылар және үйден оқитын білім алушылар бар. №5 Облыстық психологиялық –медициналық –педагогикалық консультацияның қортындысын  ескере отырып қашықтан түзету-дамыту жұмыстары  жоспарға сай жүргізілуде . Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың  қабілетін  және деңгейін ескере отырып жеке дамыту бағдарламасына күнтізбелік тақырыптық жоспар құрылды. Тапсырмалар қашықтан өткізіліп ,дидактикалық материалдар дайындалып ,ойын түрінде ұсақ қол моторикаларын дамытуға тапсырмалар беріліп отырады .Ерекеше білім алу қажеттілігі бар білім алушылар түзете-дамыту сабақтарымен шектеліп қалмай , тақырыпқа сай  «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Тауелсіздік тұғырым»атты балалармен жасөспірімдер және жастар арасында өткен республикалық байқауда қолөнер жанры бойынша ағашқа шеге қағу арқылы  жіпті тоқып , тудың бейнесін  жасады. Ал тағы бір ерекше білім алуды қажет ететін білім алушы кардон қағазын пайдалана отырып , Нұрсұлтан қаласындағы бәйтерек ғимаратын жасап , өз өнерін көрсетті. Осы орайда ерекше білімді қажет ететін білім алушылар тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсете отыра   I, II  дәрежелі дипломдарға   ие болып , марапатталды.

Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушылармен қашықтан заттық саусақ жаттығулар ойыны өткізіледі. Атап айтар болсақ , түйме тағу мен оны шешу ,аяқ киім бауын байлау, арнайы  рамкалардығы  бау,  мозайкалармен  ойын,  конструктормен  ойын,  таңдап  алу жаттығулары  (мысалы:  фасоль мен бұршақты  араластыру) .

Осындай  ұсақ   моториканы   дамыту  барысында   білім алушылардың    сөйлеу  тілі  жетіледі,  қимыл  қозғалыс  қабілеті  артады, икемділігі  арта  түседі,  логикалық  ойлау  қабілеті  дамиды,  танымдық  деңгейі  артады.    Баланың   бойына   сенімділік  пайда болады,  құлшынысы  артады,   ойындар  арқылы  біздер  баламен  қарым —  қатынас   нығайтамыз.  Танымдылық  қабілетін  дамытамыз.

Мырзакулова Ж.А № 42  орта мектебінің дефектолог маманы   

Басқа жаңалықтар

Back to top button