Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамРуханият

Жастар орталығының жылдық жұмыстарының қорытындысы

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың  білім мен білік сапасына, олардың ұмытылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылды.

Қазіргі таңда ауданда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Іле ауданының халқының жалпы саны — 217 мыңнан астам болса, соның ішінде 14 пен 29 арасындағы жастар саны – 41701 жасты құрайды. Оның ішінде ер адамдар 21607 болса, әйел адамдар саны- 20094. Жұмысшы жастар саны-20604 оның ішінде мемлекеттік қызметтегісі 281, бюджеттік мекемелер 7265, ірі және орта 13058 қызмет атқарады. Өзін өзі жұмыспен қамтыған жастар саны -7505, жұмыссыз жастар саны 1884. Мектеп жасындағысы – 14985 оқушы, 17-29 студенттік жас – 3800, әскер қатарындағылар – 678 болса, әлеуметтік жағдайы төмен жастар саны-959, мүгедектер саны — 331.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданған. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді,  өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы;Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы,сананың ашықтығы. Жалпы ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  бағытталған бірқатар шараларға жемісті жұмыс істеп тұр. Мәселен, ауданда «Туған жер» бағыты,  2020 жылы «Еріктілер жылы» деп қабылданған көрінісі ретінде «Іле жүрегі» еріктілер тобы құрылды. Қазіргі таңда аудан еріктілері Қиын жағдайда қалған, мұқтаж, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналармен, жалғыз қалған қарттарға ареалған қайырымдылық акциясы. Көмекке зәру жандарға көмек қолын созу. Елде жайылған індетке байланысты жұмысынан айырылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін тарату.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында Іле ауданында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық арнайы кеңсесі ашылған болатын «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілік қағидасын қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады. Осыған орай, жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес  200-ден  аса брошюралар таратылып, үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданда орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстары барысында дәрігердің тағайындауынсыз сатылуға болмайтын дәрілер бойынша сынама жүргізілді. Сонымен қатар, дәріханаларда зейнеткерлерге жасалынған арнайы жеңілдіктер, мекемеде арнайы пандустар, тұтынушыларға жасалынуы тиіс қолайлы жағдайлар да тексерілді. Сынама жүргізілген мекемелерде жағдай қанағаттанарлық. Бұл жұмыстар одан ары жалғасын табуда.Жалпы ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға бағытталған бірқатар шараларға жемісті жұмыс істеп тұр. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты, іс- шаралар онлайн режимге көшкен болатын. Сол себебті «Адал көмек» акциясы аясында 9 тікелей эфир өткізілді.

Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жұмыспен қамту орталығының жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларды тиімді жұмыспен қамтуға жағдай жасауға, еңбек нарығындағы сапа мен бәсекеге қарсы тұру қабілетін көтеруге, жұмыссыз жастардың санын  қысқартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Жастарды жұмыспен қамту соның ішінде қоғамды деструктивті емес діни ағымдардың ықпалынан шеттету мәселелерін шешуде  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) арқылы жастарға қолдау көрсетілуде.

«Жасыл ел»  бағдарламасы аясында маусымдық жұмысқаа облыс тарапынан ауданымызға 40 жұмыс орыны бөлініп, 3 ай жаз мезгілінде жастарымыз ауданымызды көркейту, көгалдандыру мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізді.  Індетке байланысты сақтық шараларын сақтау үшін халық арасында бетперделер тартылып және «бетперде тағыңыз» акцияларын ұйымдастырды.

2019 жылы Іле ауданының жастар орталығы облыс рейтингі бойынша 19 орында болып жастар жылың аяқтаған болатын. 2020 жылдың 3 тоқсан қортындысына сәйкес Іле ауданының жастар орталығы облыс рейтингі бойынша аудандар арасында 4 орынға шықты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button