Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРуханият

ДАНАЛЫҚТЫҢ ІЗІМЕН              

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Биыл Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында еліміздің әр аймағында ақын шығармашылығын насихаттайтын шаралар өтуде.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен,  дүние-танымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Іле ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Zoom» платформасында

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығы және ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді.  Конференцияның басты мақсаты – тұрғындарды ұлт кемеңгері, ақын Абай Құнанбаев пен ұлы ғұлама әл-Фарабидің шығармаларымен таныстыру, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Сондай-ақ, жастардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу де шараны ұйымдастырудың басты міндеттерінің  бірі  болып  табылады. Конференция барысында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының қызметкері, «Шебер-педагог», гуманитарлық ғылым-дар магистрі, жаңартылған бағдарлама үлгісіндегі Абайтану пәні бағдарламасының авторы  Тілеуберді Қизат ғұламалар мұрасы жайлы баяндама жасады.

Сонымен қатар Қ. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында Абай танымының адамзаттың рухани жаңғыруына септігін тигізетін, жастардың бойына имандылықты, адамгершілікті сіңіретін қасиеті бар екеніне тоқталып өтті.

«Қазіргі цифрланған  заманда жастарға Абай, әл-Фараби еңбектерін оқытудың тағы бір жаңа жолы – ғаламтор.

Қыз-жігіттер кітаптан гөрі көк экранға телміруге әуестігіне орай, ғұлама еңбектерін электронды оқыту мәселесіне де көңіл бөлу керек», — дейді конференцияға қатысушылар. Сонымен қатар, жоба аясында Абай және әл-Фараби еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жасалынған әдістемелік құралдар көпшілік жиналған (ХҚКО, базар, емхана, поликлиника, мешіт) орындарда таратылды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button