Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ЕРІКТІЛЕР ЖҰМЫСЫНА ШЕКАРА ЖОҚ

Іле ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен Боралдай, Байсерке, Энергетик ауылдық округ еріктілеріне арналған семинар-тренингтер Zoom» платформасында ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада Ресей мемлекетінің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің жастармен жұмыс бойынша превентолог маманы Искакова Айдана Айдарқызы жұмыс жүргізді.

«Волонтерлердің жауапкершілік шекарасы: өмірлік қажетті дағдысы. Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбымен өткен семинарлар барысында волонтерлік қызметтің бағыты мен ұстанымы, сондай-ақ, «волонтерлік» терминінің «қайырымдылық» сөзінен айырмашылығы сияқты мәселелерге жауап іздеп көрді. Сонымен қатар, еріктілердің негізгі міндеттері, басты бағыттарына тоқталып, кері ағымдар мен топтар әрекетіне қарсы жастардың берік иммунитетін қалыптастыруға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған волонтерлік қозғалыстың маңыздылығын атап өтті.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button