Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ЕШКІМ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан депутаттыққа ұсынылған үміткерлер өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ескерусіз қалдырмады. Олардың әрқайсысының үйіне барып, жағдайларын біліп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қайырымдылық көмектерін жасады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлыққа алуда Мәжіліс депутаттығына үміткер Жанна Телпекбаеваның, облыстық мәслихатқа үміткер Нұрсұлтан Орынбасаровтың, аудандық мәслихатқа үміткер Роза Михайловна Абилованың сенімді өкілдері үлкен белсенділік көрсетті. Олар әрбір елді мекендегі көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасады. Жалпы үміткерлердің сенімді өкілдері арқылы 9,9 мың мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен 9,9 адамға азық-түлік және күнделікті тұрмыстық заттар берілді. Тұрмысы төмен отбасыларына 1,2 мың теңге көлемінде арнайы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button