Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКСИЯСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер КазЦИК ауылдық округының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламамен таныстырып, алдыға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттері туралы айтып, үнпарақтар таратты.

Кездесуге қатысушы партияның өкілдері «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың сенімін ақтап, бағалайтынын, бірге жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдіріп, халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді. Осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия орындалуына ықпал ететінін баса айтты.

Акция аясында аудандық мәлихатқа үміткерлерлер мен олардың сенімді өкілі КазЦИК ауылындағы  бірнеше үйге кіріп шықты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button