Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Nur Otan» партиясы кандидаттары Ынтымақ ауылында

2020 жылғы 05 қаңтар күні сағат 15-00де аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Б.Ысқақ, Д.Кузиев, Т.Омаров, Т.Рақыш, В.Саютин, А.Иманбековтың Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, «Дольче Фарм» ЖШС қызметкерлерімен кездесуі өткізілді. Кездесуге «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері, барлығы 30 адам қатысты. Кездесу барысында сөз алған үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, облыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде денсаулық сақтау, өндіріс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жастар саясаты бойынша алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар, өзекті проблемалар партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілгені жайлы айтты. Кездесу соңында үміткерлер «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлеріне 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер – деген өз тілектерін білдірді. «Дольче фарм» ЖШС қызметкерлері бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, қолдайтындықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button