Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Әкімдер есебі онлайн және офлайн режимдерде өткізіледі

Алматы облысында қаңтардың 18-інен ауылдық, кенттік округтер мен аудан, қала әкімдерінің есеп беруі басталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру міндетіне, сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп береді. Осыған орай облысқа қарасты 17 аудан мен 3 қалада 18 қаңтар мен 5 ақпан аралығында 800-ден астам есепті жиындар өткізу көзделген. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталған жиындардың 300-дейі онлайн режимде ұйымдастырылады, қалғаны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі деп жоспарланған. Есепті кездесулер облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынымен қорытындыланады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button