Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

 Кітап-сарқылмайтын рухани байлық

«Кітап – білім бұлағы, білім  –  өмір  шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Кітапты көп оқу – ол  адамның ой-өрісін кеңейтеді, білімін жетілдіреді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу мәнерін дамытады. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі халқының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда болмасын кітаптың алатын орны бөлек. Адамның кемелденуіне бірден-бір себеп болатын нәрсе ол – кітап оқу. Қаншама дамыған технологиялар шықсада, бірақ олардың ешқайсысы кітаптың орнын баса алмайтыны анық.

Кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Яғни, көп кітап оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Бір мәселені шешу үшін ұзақ уақыт ойланып қиналмайды.

  • Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
  • Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
  • Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
  • Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  • Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
  • Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады

Кітап оқи отырып күйзелістен де арылуға болады. Меніңше баланы ерте жастан кітап оқуға баулыса  , болашақта бала  көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен білім ізденіп кітапты көп оқуығанының  арқасында бірнеше тілді меңгерген. Ал М.Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамыту.
Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін  әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?!

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты , балалардың барлығы уақытша қашықтықтан оқып жатқаны бәрімізге аян. Оқушыларымызға сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Жаңаталап ауылының № 25 орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің кітапханасында «Кітап-сарқылмайтын рухани байлық» атты  Қазақстан жазушыларының еңбектері туралы бейнежазба дайындалып , оқушылар мен ата- аналар назарына қашықтықтан ұсынылды.  Оқушыларға жазушылардың шығармаларын кез келген сәтте мектептің кітапхана қорынан алып оқуыларына болатыны тағы бір мәрте айтылды. Шолу барысында оқушыларға кітап оқудың пайдасы мен кітапхананың қоғамдағы орнының маңызы зор болып қалатыны айтылды.

Кітап — ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады.
Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.

 

Кадирбердиева И.У.

№ 25 орта мектеп кітапханашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button