Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Қазақтың ханы-Абылай

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс ханБарақ ханӘз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы.

Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.  Биыл Абылай ханның туғанына 310 жыл толып отыр. Қанша уақыт өтсе де, қазақ халқының жадында Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі — беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» — деген екен. Осы орайда Іле аудандық кітапханасы әлеуметтік желі оқырмандарына  «Абылай хан тарихи тұлға, көшбасшы, және саясаткер» атты кітап көрмесіне видеошолу ұсынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button