Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

АУЫРМАУДЫҢ АМАЛЫН ІЗДЕ

Өткен жыл тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, жалпы дүниежүзі үшін де сынақ пен тауқыметке толы жыл болды. Бір жыл – бір ғасырдың ауырлығын иыққа артқандай. Елге келген бұл нәубет халықты сансыратып, біреудің әлпештеген жалғызын, біреудің аялы ата-анасын, ал енді кей адамның бауыр еті баласын жалмап, елге зобалаң алып келді. «Індет батпандап кіріп, мысқалдап шығады» демекші, коронавирус салдарынан елі-мізде тұңғыш рет карантин жарияланып, елдімекендерге блок-бекет қойылғаны барша-мызға мәлім. Сол кезде саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы, сондай-ақ барлық ойын-сауық объектілерінің – түнгі клубтардың, көрме-лердің, бильярд және компьютерлік клубтардың, ба-лалар ойын алаңдарының, жабық үй-жайлардағы батут-тардың және басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылды. Ал, қоғамдық көліктерге сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін кестеге сәйкес, 6:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін қарбалас сағаттарда 5 минуттан аспайтын рейсаралық интер-валмен жолаушыларды та-сымалдауға рұқсат етіліп, жолаушылар автобустарда ара-қашықтықты сақтап отырды. Сонымен қатар санитар дәрігердің қаулысымен бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салынып, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу күшіне енді. Ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференция-ларды, семинарларды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткі-зуге толық тыйым салынды. Алайда, үйден шықпауға тыйым салған кезде Абайша айтсақ «Шырылдауық шегірткенің» күйін кешіп, шет елде қыдырып, вирус жұқтырғанын білген сәтте қалима балықтай қалбалақтап елге оралып, айналасына коронавирус жұқпасын та-ратқандар да баршылық. Тіпті, шектеулерге қарамай дүрілдетіп жасырын той жасап, жұқпалы аурудың кең етек жаюына себепкер болғандар да жетерлік. Міне, осындай жандардың салдарынан әлі күнге індеттен біржола арыла алмай келеміз.

Індетті біржола ауыздық-тай алмай жатқанымыз-дың салдары емес пе, өткен тәуліктегі көрсеткіш бой-ынша елімізде azattyq.org-тың хабарлауынша, 1274 адамнан коронавирус пен пневмония анықталып, 18 адам өлімі тіркелген екен.  Ал, ауданымызда да бұл жағдай аса мәз емес. Осы уақытқа дейін аймағымызда коронавирус жұқпасын 588 адам жұқтырып, оның ішінде 227 жағдай коронавирусты жұқпасының клиникалық белгі-лері кездессе, қалған 361 науқас клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар екен.

Біз көп жағдайда аурудың салдарымен күресеміз. Ал, осы хәлге жеткізетін жағдайды әсте есте ұстамаймыз. Олай дейтінім, бір күндік өмірмен өмір сүріп жатқан жандай, ертеңімізді, айналамыздағы жа-қын жандарымызды ойламай, көшеде сақтық шараларын мүлде ұстанбаймыз. Бірреттік бетперде тағып жүрудың орнына бәр сәттік ауа жұтқанымызды артық көреміз. Ол ауада коронавирус жұқпалары болуы мүмкін екенін, сол ауаны жұту арқылы біз өз өмірімізді қатерге тігіп отырғанымызды, жақсы көретін адамдарымызды өз қолымызбен сырқаттандырып жатқанымызды қаперімізден шығарып алғанбыз. Бірреттік бетперде тақпаған адамнан залалсыздандырғыш антисеп-тиктерді сөмкесіне салып жүруін күту – ақымақтық болар. Ал бұл аталған сақтандырғыш құралдар біздің өмірімізді қорғаудың бірден-бір кепілі болмақ. Осындайда адамдар өздеріне өздері зиян келтіріп, өзгені кінәлайтындай, өз өміріне деген жауапкершіліктен қашатындай көрінеді. Әйтпесе, «Ауырып ем іздегенше, ауыр-майтын жол ізде» — деп, денсаулықтың қадірін білген елдің ұрпағы емес пе едік?

Әлі де кеш емес. Денсаулық сақтау саласының мамандары айтқан сақтық шараларын ұстанып, санитарлық талап-тарды сақтап, өз өміріміз бен төңірегіміздегі қимас жандардың жасын ғұмыры үшін жауапты екенімізді сезінейік. Әсіресе үлкендер жағы өздерін күтінуі керек. Себебі, ең алдымен вирус әлсіз организмде тез дамып, жетіледі. Екіншіден, жастар жағы жасы келген жандарды өздеріне үлгі тұтады. Сол үшін «Пәленше деген мықты бетпердесіз жүр. Мен неге тағуым керек?» — деген пікірді ұстанып, жауапкершіліктен жалтаратын жандар да табылады.

Осы  орайда, «Денсау-лықты сақтау үшін не істеу керек?» — деген сауал тууы мүмкін. Іле аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшы-сының міндетін атқа-рушы Абеуова Бағила Жүнісқызы: «Денсаулықты қорғау үшін санитариялық-эпидемиоло-гиялық талаптарын сақтау қажет. Сонымен қатар, им-мунитетті арттыру үшін стресстік жағдайлардан аулақ болып, үрейленбеу керек. Таза ауада серуендеп, түрлі жаттығу жасаңыз. Жақсы ұйықтаңыз, теледидар мен компьютер көруге аз уақыт бөліңіз. Диета ұстаған күннің өзінде ет өнімдері, жұмыртқа, көкөністер мен жемістерін қолдану ағзадағы қажетті дәрумендердің азаюына жол бермейді. Имбир, лимон, алма, әр түрлі жеміс-жидектер де ағзамыздағы иммунитетті арттыруға жақ-сы әсер етуі мүмкін» — дей келе, сақтану мен дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пай-дасы көп екенін атап айтты.

Расымен, ауданымыздың барша тұрғындарын сани-тарлық-эпидемиологиялық мекемелердің талаптарын сақтауды қадағалайтын ма-манның тілін алуға, қатаң қағидаларға сүйене отырып, өздерінің жеке бас және отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларын қатаң ұс-тануға шақырамыз. Жұқпалы ауру жұтатып кетпесін десек, күнделікті жоғарыда айтып өткендей қарапайым сақтық шараларын сақтайық. Сонда біз өзімізді, отбасымызды коро-навирусты жұқпадан аман сақтаймыз!

А. ЕРГЕШБАЙҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button