Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Сапаны арттыру — заман талабы

Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемелкеттік  қызметтер мониторингі бөлімі жергілікті атқарушы органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына, мерзімінің  сақталуына мониторинг жүргізу, осы  саладағы  жұмыстарды үйлестіру   болып  табылады.

Қазіргі кезде аудан деңгейінде 103 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-акимат»,  «ИИС ЦОН», «Адресный регистр»,  «Е-собес»,  «Е-лицензиялау»  ақпараттық жүйелері  қолданылады.

Барлығы 20 мемлекеттік мекеме оның ішінде:  1 кенттік,  9 ауылдық округ әкімі аппараты және 10  аудандық бөлімдер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Іле ауданы бойынша 2020 жылы жергілікті атқарушы органдар арқылы барлығы 74 600 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 1033-і қағаз түрінде, 16548-ақпараттық жүйелер арқылы, 29166-электронды үкімет порталы арқылы, 17674-ХҚКО арқылы көрсетіліп, мемлекеттік қызметтердің  85%  автоматтандырылған.

Аудандық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінің бұзылуына жол бермеу үшін  арнайы «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы  мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуына  күн сайын  мониторинг  жүргізіліп тұрады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиісті мекемелер  міндетті.

Тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық,  құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу, заңанамалық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Өткізілген жәрмеңкелер, онлайн семинарлар, акциялардың  нәтижесінде тұрғын-дардың ХҚКО немесе жергілікті атқарушы органдарға бармай-ақ электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу көрсеткіші өткен жылы біршама көбейгенін байқауға болады.

2019 жылы  ауданда 22 жәрмеңке өткізіліп, оған 7610,  2020 жылы 13 іс шаралар өткізіліп,  оған 1383 тұрғын қатысты.

Аудандағы жергілікті атқарушы органдар, балабақшалар, орта мек-тептер, денсаулық сақтау меке-мелерінде 97 өзіне- өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталған. Аталған бұрыштар арқылы өткен жылы 46 760 мемлекеттік қызметтер алынды.

«Egov Жаршысы» жобасы аясында 15-тен астам еріктілер тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде қалай алуға болатыны туралы 13 түсіндіру шараларын жүргізіп, оған 5960 тұрғын қатысты.

Әлеуметтік жілілер арқылы насихаттау бойынша жергілікті атқарушы органдардың  фейсбук, инстаграм парақшаларында 2019 жылы-23, 2020 жылы бойынша 39 ақпараттар мен видеороликтер жарияланған.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен  «QYZMET LIVE» жобасы жүзеге асырылып, аудандағы  барлық  мекеме басшылары аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік парақшасы арқылы тікелей эфирге шықты. Тікелей эфир барысында көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер туралы тұрғындарға түсіндірілді.

Аудан әкімінің ресми сайтында ЖАО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңартылған қағидалары орналастырылған. Ресми сайттағы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша ақпараттар қоғамдық тал-қылауға шығарылып, тоқсан сайын жаңартылып отырады.

Мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру алаңдарының бірі әкімдіктер жанындағы  қоғамдық кеңестер болып табылады.

Аудандық қоғамдық кеңес және «Nur otan» партиясының депутаттық фракция отырыстарына барлық мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептері тұрақты өткізіліп, мемлекеттік органдардың қызмет ұсыну сапасын  жақсартуға үлесін қосуда.

Өткен 2020 жылы қоғамдық кеңестің 4 отырысында 8 ауылдық округ, 4 мемлекеттік мекеменің көрсетілетін қызметтер туралы мәселелер тал-қыланды. «Nur otan» партиясының 3 депутаттық фракция отырыстарына  4 мекеме,  4 ауылдық округтердің есептері тыңдалып,  ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасы Мемле-кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент-тігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына»  сәйкес  мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Өткен  жылы 18  мекемеге  ішкі  бақылау жұмыстары жүргізілді. Ішкі бақылау кезіндегі анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке  тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау  мақсатында аудан әкімі  жанынан арнайы мониторингтік топ  құрылған. Талдау тобының құрамына мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар,  депутаттар  және  қоғамдық  кеңес  мүшелері  енгізілген. Аталған топ  2020 жылы 16 мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қам-тамасыз ету мақсатында аудан орталығы Өтеген батыр ауылында «Сервистік әкімдік» ашылып,  9 мемлекеттік мекеме 56 түрлі қызмет көрсетіп отыр.  Қазіргі кезде сервистік әкімдік арқылы  келушілерге  6292   қызмет көрсетілді.

Осындай жобаның бірі Боралдай кенті әкімі аппаратында да сәтті жүзеге асырылып отыр.

Алдағы уақытта жергілкті тұрғын-дардың уақытын тиімді пайдалану мен жергілікті әкімдердің жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету үшін ауылдық округтерде «Open space» форматында барлық ауылдық әкім аппаратының  жұмысы аталған форматқа кезең-кезеңмен көшіру жоспарануда.

Мақсатымыз — мемлекеттік қызметкер мен қарапайым халықпен тікелей нақты диалогын орнату арқылы халыққа ашықтық қағидаттары бойынша қызмет көрсету жұмыстарын  жандандыру болып табылады.

 

Санат Ерболатұлы,

аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және

 мемлекеттік қызметтер

мониторингі бөлімінің басшысы    

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button