Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

2021 жылдың қаңтар айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 905,1 млн. теңгені құрады

2021 жылдың қаңтар айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 905,1 млн.теңгені құрады.

Республика бойынша қаңтар айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-31 қантар аралығында) 19,8 млрд.теңгені құрады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қаңтар айында Алматы облысы бойынша 451,0 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 454,1 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button