Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Қазақ поэзиясының символы

ІЛЕ АУДАНЫ 1-ОРЫН!!!

Биыл ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Ақын 45 жыл ғұмырында сан ғасырға азық боларлық мол қазына қалдырды. Болашаққа үлкен үміт артқан ақынның мол мұрасы ұрпақ санасында мәңгіге сақталары сөзсіз. Осы орайда Алматы облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының символы» атты көркемсөз оқу байқауы өтті.

Бұл байқауға Іле ауданы Жәпек батыр ауылы №36 орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы , Іле аудандық кітапханамыздың тұрақты оқырманы Өмірқұл Әлихан қатысып жүлделі І орынды иеленді.

Әлиханның жоғары деңгейде өнер көрсетуіне үлкен үлес қосқан жетекшілері №36 орта мектеп ұстаздары Жанғабаев Нұрбек пен Абиыр Динаға үлкен алғыс білдіреміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button