Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Баспаналы болды

Сүйінші!

Өткен жылы аудандық басылымда жолдасы Бақтыбайдан аяқ ас-тынан тірідей айырылып, оның өлі-тірісін біле алмай неше жыл  бойы төрт баламен  қиындық көріп, талай құзырлы есікті тоздырған қайсар ана Меруерт Сепбосынованың тағдыры туралы «Жы-лаумен өткен күндер, ізденген түндер» атты мақала жарияланған еді.

Сол  мақалада  режиссер Шәрипа Оразбаеваның «Мәриям» атты қысқа метражды фильмінде жеке басының  тағдырын өзі сомдаған Меруерттің төрт баламен Қоянқұс ауылында аядай ғана бөлмені жалдап тұрып жатқаны жа-зылған болатын. «Мәриям» атты қысқа метражды фильм өткен жылы «Gintsti deI Presente Локарно» кино фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған еді. Сонымен қатар,  Меруерттің өзі рөлді тамаша ойнаған үздік актриса  деп танылды. Сол уақыттан тура бір жыл өткенде қиын өмір жолы киноға арқау болған көпбалалы ана  Меруерт Сепбосыноваға    екі бөл-мелі  пәтер  берілді.

Бұл баспана Ел Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімі мен «Азар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасын-дағы өзара келісім бойынша  кәсіпкерлердің демеушілігі арқылы  Меруертке тегін берілді.

— Пәтер алғаным үшін ең алдымен Еліміздің Президентіне, облыс және аудан әкімдеріне шексіз алғыс айтамын, — дейді қуанышын жасыра алмаған Меруерт Сепбосынова. Шынында да, бұл өте қуанышты жаңалық! Жаңа қонысың құтты болсын Меруерт!

Бақтияр Талғатұлы

Басқа жаңалықтар

Back to top button